Хабар телеарнасы

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі - Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Қоғамның Жарғысымен Жалғыз акционердің немесе Басқарманың айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерден бөлек, Қоғамның қызметіне басшылық етуді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде Қоғам Басқармасының қызметін бақылауды жүзеге асыратын Қоғамның басқару органы.

Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, адамгершілік, адалдық, жауапкершілік және нақтылық қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережені, Қоғамның корпоративтік басқару кодексін және басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.