Хабар телеарнасы

«Ана тілі» аруы – «Таңғы Хабар» жүргізушісі

«Ана тілі» аруы – «Таңғы Хабар» жүргізушісі

Раушан Әріппен тілдес­ке­німізде бағдарламаны жүргізу­ге кастингтен өтіп, бірнеше үміт­кердің ішінен таңдалғанын айтты. «Мені жүргізушілікке бағымды сынап көруге бағдар­ла­ма­ның басшылық тобы ша­қырды. Олар менің студент кезімдегі «Айбын» әскери-пат­риот­тық бағдарламасын жүр­гізіп, жарты жылдай жинаған тәжі­рибемді ескерген болуы керек», – деді.

«Таңғы Хабар» ақпараттық-танымдық бағдарламасы кө­рерменге сәуір айынан бастап жол тартты. Тың дүниелерді та­нытып, халықтың жүрегінен орын алып, өнерсүйер қауымды сағын­дырған өнер адамдарын, көрінбей кеткен, елге айтары бар тұлғаларды эфирге шақырып, көрермен қауыммен жүздестіруде.

Айта кетейік, аталған бағдарлама дүйсенбі мен жұма күндері аралығында таңер­теңгі сағат 8:10-нан 09:00-ге дейін көрсетілуде. Бағдар­ла­маның алғашқы қонақтары дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, көрінбей кеткен әншілер Асқар Жүнісбеков, Бауыржан ­Ибрагимов, «Қазақ аруы – 2018» байқауының жеңімпазы Нәбира Рахымжан болды.

«Таңғы Хабар» – жан-жақты мағлұмат беретін, таным көкжиегімізді кеңей­тетін, тұщымды ой айтатын бағдарлама. Алдағы уақытта бағдарламаның уақыты ұзара түспек. Аталған бағдарламаны, сонымен қатар танымал пародист Олжас Сыдықбек және журналист Гүлбаршын Заирова да жүргізеді.

Авторы: Фарида Мұңалқызы

Ақпарат көзі: anatili.kazgazeta.kz