Медбике Салтанат Досманбетова мен оның сіңлісі Жанель шағын қалада қарапайым өмір сүреді. Олардың ата-аналары бес жыл бұрын қайтыс болған. Сол кезден бастап Салтанат сіңлісін тәрбиелеуді өз мойнына алады.
Салтанат Жанель мектеп бітірген соң, үлкен қалаға барып, университетте білім алуын қалайды. Сіңлісінің қамы үшін тырысқан әпкесі өз өміріне мүлдем көңіл бөлмейді. Ал Жанель өзімшіл болып бойжетеді. Әпкесі сіңлісіне қаншалықты қамқорлық көрсетсе де, әпкесіне аяушылық танытпайды.
Жаңа Маусым бойынша барлық жаңалықтар
Бұл телехикаяның негізгі мақсаты - елімізде белең алып бара жатқан зорлық-зомбылық жасаған жандардың жазасыз қалмайтынын қалың көрерменге түсіндіру. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған Рая әділет іздеп, қандай әрекетке барады?
Салтанатты жиында жаңа жобалар мен тың телетуындылар таныстырылды.
Жуырда «Хабар» телеарнасы Димаш Құдайбергеннің пандемиядан кейінгі алғашқы жеке концертін көрсетеді.
Еліміздегі алғашқы кино-арнаның ашылғанына 5 жыл толды.