Біз туралы - "Хабар" телеарнасы


Біз туралы

«Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады.

Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24»,«Kazakh TV», «ЕЛ АРНА»  телеарналары кіреді.

Телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, «Kazakh TV» – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат.

Қазақстан бойынша 99 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.

Агенттіктің Қазақстанда және Ресей, Италия, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия елдерінде тілшілер қосыны жұмыс істейді.

Эфирдің 75% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды. Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

Биыл «Хабар» Агенттігінің» құрылғанына 21 жыл толды. Осы уақыт ішінде «Хабар» Агенттігінің» қызметкерлері мен телебағдарламалары ұлттық және халықаралық деңгейдегі түрлі марапаттарға ие болған. Ақпараттық бағдарламалар дирекциясы тілшілерінің жұмыстары EMMY телевизиялық сыйлығының номинанты атанса, сондай-ақ Ресейде өткен «Золотой глагол» сайысының бас жүлдесін иеленген. «Город будущего» жастар бағдарламасы Жапонияда өткен халықаралық фестивальде әлемнің үздік ондығына енді. Севастополь қаласында өткен халықаралық байқауда «Хабар» Агенттігінің» бастамасымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» фильмі тарихи туындылардың ішінде лауреат атанды.

«Хабар» Агенттігі» – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағына (ABU), Азия және Тынық мұхиты жаңалықтар агенттігі ұйымына (OANA), Азия және Тынық мұхиты Хабар таратуды дамыту институтына (AIBD), Телевизия мен радионың Еуразиялық академиясына (ЕАТР) мүше.

Жалғыз акционер

«Хабар» Агенттігі» АҚ Жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында айқындалған өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

 

Директорлар кеңесі

Д.А. Абаев – Директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ақпарат және байланыс министрі

Э.К. Өтепов –  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы 

Е.Б. Нәшірәлі –  ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры

А.А. Ахметжанова – «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы 

А.Қ. Мұсақожаева – тәуелсіз директор

З.П. Загоскина – тәуелсіз директор 

Майкл Питрес  – тәуелсіз директор

 

Басқарма

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасы Қоғамның атқарушы органы болып табылады, ол «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Хабар» Агенттігі» АҚ Жарғысына сәйкес Қоғамның Жалғыз акционерінің және Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді қоспағанда, Қоғамның ағымдағы қызметінің барлық мәселелерін шешеді. Қоғамның Басқармасы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалғаны үшін Қоғамның жоғары тұрған органдарының алдында жауап береді. Басқарма Қоғамның Жалғыз акционерінің және Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті. Басқарма мүшелерінің фукнциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасы туралы ережемен айқындалады.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқармасының мүшелері:

• Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова, Басқарма Төрайымы

• Ринат Думанұлы Кертаев, Басқарма Төрайымының орынбасары

• Жанар Қобландықызы Сабдыкеева, Басқарма Төрайымының орынбасары

• Тілеужан Темірәліұлы Тілешов, Басқарушы директор

• Федорова Светлана Васильевна, Алматы филиалының директоры 

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.