Агенттік тарихы

Агенттік тарихы

«Хабар» Агенттігі» АҚ-ның тарихы 1995 жылдан басталады. Сол кездегі Қазақ телеарнасының ақпараттық қызметі негізінде «Хабар» Ұлттық Телевизиялық Ақпараттық Агенттігі құрылады.

Бүгінгі таңда «Хабар» Агенттігі» АҚ – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын төрт арнаның тоғысқан орталығы. «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның құрамына республикалық «Хабар» мен «Хабар 24», «Kazakh TV», «ЕЛ АРНА» телеарналары кіреді. Телеарналардың тәуліктік хабар тарату көлемі: «Хабар» – 20 сағат, «Kazakh TV» – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат. Қазақстан бойынша 99 % телекөрермендер аудиториясын қамтиды.

Агенттіктің Қазақстанда және Ресей, АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея, Қытай, Бельгия, Түркия, Өзбекстан елдерінде тілшілер қосыны жұмыс істейді. Эфирдің 70% телеарнаның төл туындыларынан құралады, яғни телеарнада түсірілетін бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар.

Көрсетілімдердегі бағдарламалардың 90% әлеуметтік маңызды тақырыптарды қамтиды. Тәуліктік хабар таратудың 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.