Ақтөбе

Ақсәуле Байменшина

Меншікті тілші

Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Орал қаласындағы «ТДК-42» телеарнасында, «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының жүргізуші болып бастаған. Кейін «Қазақстан-Орал», «Қазақстан-Ақтөбе» облыстық телеарналарында және «Алматы» телеарнасында журналист болып қызмет еткен. 2009 жылы ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты атанды. 

Ата-анасы мен бауырларының және сүйікті қызының амандығын басты байлығым деп санайды. Бос уақытын достарымен бірге өткізгенді жақсы көреді. Табиғат аясында демалғанды және кітап оқығанды ұнатады. «Абай жолы», «Махаббат қызық мол жылдар» шығармаларын қайталап оқудан жалықпайды. Дәстүрлі әндер мен «Айтыс» өнерін жоғары бағалайды. Сонымен қатар әдемі, әуезді әндер тыңдағанды қалайды. Адамдардың бойында қарапайымдылық пен адамгершілікті, шынайылықты бағалайды. Кәсіби шеберлікті әркез шыңдап отыру керек деген ұстанымда.