Ақтөбе

Ләйлә Әуесова

Меншікті тілші

Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әкесі облыстық телеарнаның бас режиссері болғандықтан, Ләйлә өз өмірін телеарнасыз елестете алмайтын. Сондықтан көп ойланбастан мектеп бітіре сала, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсті. Еңбек жолын «РИКА-ТВ дағы «Факт» ақпараттық бағдарламасынан бастады. 

Оның еңбегі еленбей қалған жоқ. 2007 жылы Астанада өткен журналистер жиынында ол Елбасымен кездесуге мүмкіндік алды. 2013 жылдан бастап, «Хабар» агенттігінің үлкен ұжымының бір мүшесі болып жұмысқа қабылданды. Ол мейірімді жарқын жандармен бірге жүргенді ұнатады. Өзін шығармашылық адамы санайтын Ләйлә классикалық, ғажайып туындыларды көп оқиды. Оның сүйікті кейіпкері - «Унесенных ветром» романындағы Скарлет О Хараның образы. Бос уақытында әскери және мелодраммалық фильмдерді көргенді ұнатады. Өмірлік мақсаты - тек алға.