Ақтөбе

Елена Устимович

Меншікті тілші

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетінің журналистика бөлімін қызыл дипломмен аяқтаған соң, жұмыс іздеу мәселесі туындаған жоқ. Өйткені оқып жүріп, қалалық телеарналарда тәжірибеден өтіп, баспасөздерде мақалалары шығып тұрған.

Университетті бітіре сала, облыстық телеарнада жұмыс істеді. Жаңалықтарда, бағдарламадағы жинаған тәжірибелері телевизия саласында кәсіби журналист атануына өз септігін тигізді. Содан кейін «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Астана» телеарнасында меншікті тілші болып қызмет етті. Ал «24kz» телеарнасына келгенінде армандар орындалатынына көзі жетті. Тез шешім қабылдап, жылдам іс-әрекет етуге үйренді.

«Қайда тусам, сол жерде еңбек етуім керек деген мақсатпен өмір сүремін. Мектеп кезімнен бері белсендімін. Менің жазғандарымды оқыған адам болашағына зор үмітпен қарайтынына сенемін», - дейді Елена.