Ақтау

Ренат Дүйсәлиев

Телеоператор

Ренат Астрахань облысында дүниеге келген. Мамандығы - техник оператор. Телеарнада 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Ол үшін қолына камера алып, түсірілім алаңына шығу оған ерекше шабыт беретін. 

Сондықтан бірде ол ауырып қалған оператордың орнына жұмысқа шыққан кезде қуана кіріскенін жасырмайды. Ертеңінде ол шомылу маусымының жабылғаны жайлы түсірілімнің авторы ретінде танылды. Оны мақтаған әріптестері мен басшылық оператор мамандығына ауыстырды. 2003 жылы «Қазақстан» телеарнасында жұмыс істеді. 

Ренаттың республикалық телеарналарда қызмет етсем деген арманы орындалды. Кейіннен таспагер «Астана» сосын «Хабар» агенттігіне ауысты.  Осы кәсібінің арқасында ел аралады, жер көрді. Ең бастысы, болып жатқан оқиғаны елден бұрын білетініне дән риза.