Ақтау

Тамара Степанова

Меншікті тілші

11 сыныпта бітірушілердің естелігіне «журналист болғым келеді» деп арманын жазғанын есінде. Сол кезде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстазы: «Сенен журналист шықпайды», - деп кесіп айтқан еді. Сол сөзіне жоққа шығаруға тырысты. М. Барманқұлов атындағы Әлем әдебиеті және журналистика университетін бітірген соң, Маңғыстау облыстық телеарнасына жұмысқа шақырды. 10 жыл бойы сол арнадан ауысқан емес. Тікелей эфир, репортаж, сұхбат, зерттеу, жаңалықтардың барлығы басынан өтті.  

Түрлі байқауларға қатысып, мақтау қағаздарының иесі атанды. Тіпті екі көркем фильмге де түсіп үлгерді. «Іскер Ақтау» журналының бас редакторы атанды. Қазір «Хабар» және «24kz» ұжымымен бірге. «Егер өмір тағы бір рет берілсе, мен кім болар едім деп жиі ойланып қоямын. Тағы да журналистиканы таңдайтыныма сенімдімін. Түсірілім барысында көп адамдар менің ұлтымды жиі сұрайды. Мен космополитпін деп жылы жымиып қоямын», - дейді Тамара. 

Себебі Ресейде туса да, Қазақстанда өсті, Белоруссияда жастық шағын өткізді. Мамасы жартылай орыс, армиян, ал әкесі поляк пен белорустің отбасында туған. Тамара: «Біз әртүрлі ұлт болсақ та, Қазақстан сияқты тату-тәтті тұрамыз. Мен үшің ең жақын адамым - анам. Ол менің таңдауымды қолдайды. Сыншым да анам», - деп айтуда.