Астана

Оңалтай Қуандық

Шығарушы редактор

1979 жылы 14 қазанда Монғолияның Баян Өлгей аймағында туған. Ата-анасының атамекенге көшіп келуіне байланысты төртінші сыныптан бастап, Астана қаласының Ж.Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында оқыды. 1998 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен.

Оқушы кезінде үш жыл қатарынан қазақ тілі және әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүретін. Осыған байланысты университетке байқаудан тыс қабылданған.

2002 жылы «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша диплом алып шықты.

Еңбек жолын «Аграрлы Қазақстан» республикалық газетінде тілші ретінде бастады. Кейінірек «Эра» телеарнасында тілші, редактор болды. «Қазақстан» республикалық теле-радио корпорациясы АҚ Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болған. «ОРТ Евразия» телеарнасында тілші, кейін республикалық «Жетінші телеарнада» ақпараттық бағдарламалар департаменті шетел және аймақ жаңалықтары бөлімінің редакторы, шеф-редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.