Астана

Лилия Шаймарданова

Шығарушы редактор

Шымкент қаласында дүниеге келген. Екі жоғарғы мамандығы бар: филолог және журналист.

Телевидениедегі алғашқы қадамын 2002 жылы шымкенттік «Отырар» арнасында бастады.

Дэн Браунның туындыларын оқығанды ұнатады. Ең сүйікті демалыс түрі – қаладан алшақ шығу. Оңтүстік Қазақстанда ұялы телефон желісі ұстамайтын көрікті де әдемі жерлер өте көп.

Киімге, тағамға қоятын басты талабы - ыңғайлы, көрікті, жарасымды және дәмді болу.

Өмірінің жарқын сәттері - балаларының дүниеге келуі және жүргізуші көлігін алған кезі деп атайды.

Мұқият, уақытылы жүретін, шындықты айта білетін адамдарды қатты сыйлайды. Менсінбейтін, менмен адамдарға налимын. Кешігіп жүретіндерді де ұнатпаймын,-дейді ол.

Арманы - жер шарына саяхат жасау.

«Үлгі тұтатын тұлғаларым жоқ. Қазақстандық, ресейлік арналардың ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларын жиі қадағалап отырамын, сол арқылы журналистикадағы жаңа бағыттармен танысып, айырмашылықтарын түсінемін. Өзіме керегін де үйренемін», - дейді Лилия.