Астана

Достық Талғатұлы

Шығарушы редактор

Ол бұрынғы Көкшетау облысы, Зеренді ауданына қарасты Ортағаш ауылында дүниеге келді. 2009 жылы Көкшетау университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін бітірді. 2012 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Заңгер» мамандығын сырттай тәмамдады.

2009 жылдың тамыз айында «Қазақстан республикалық теле-радио корпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалында, редактор қызметінде еңбек жолын бастады. 2012 жылдың шілде айынан бастап «Хабар» Агенттігінің ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында тілші қызметін атқарып келеді.

Қолы қалт етсе, ғаламтордағы ақпараттық порталдарды парақтағанды ұнатады. Демалысын отбасымен бірге өткізгенді мақұл санайды. Тарихи фильмдерді көргенді ұнатады. «МузАРТ» тобының әндерін сүйіп тыңдайды. Өміріндегі ең жарқын, қуанышты оқиғасы – тұңғышының өмірге келуі.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президент Н. Ә. Назарбаевтың алғысына ие болды.

ӨМІРІНДЕГІ ЕҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫ – ТҰҢҒЫШЫНЫҢ ӨМІРГЕ КЕЛУІ.