Атырау

Виктор Сутягин

Меншікті тілші

РФ Саратов облысында туған. Гурьев педагогикалық институтының филология факультетін, Алматы Жоғары партиялық мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Алғашында газетте тілші болды. «Казахстанская правда» және «Караван» республикалық газеттерінің меншікті тілшісі қызметтерін атқарды. 

1999 жылы күтпеген жерден «Хабар» арнасына меншікті тілші болу ұсынысы жасалып, тележурналистикаға келді. Газеттегі жұмыстан демалып, өзіндік шығармашылығын сынап көрмек үшін келісім берген. Кейін түсінгені, бұрын ең керекті шаруамен айналыспаған! Тек қана телевидениеде оқиғалар жайында ертең емес, бүгін айтуға мүмкіндік бар екен. 

Ермегі және сүйіп орындайтын ісі – 3 жарым сотық жерде гүлдер мен экзотикалық өсімдіктерді өсіру. Жер аумағы аз, бірақ қиял шексіз. Атырау жерінде тек қана жантақ емес, гүлдердің қаншама түрін де өсіруге болатынын дәлелдеген. 

Тағы бір құмарлығы – саяхатқа шығу. Өзін «теңіз коллекционерлері» дейтін адамдар қатарына жатқызады. Әр қиырдағы 20-дан астам елде болып, білгенімнен білмегенім көп екен деген ұйғарым жасады. Ол: «Әлі де қолға ұстап, көрмеген дүниелеріне қол жеткізу үшін қарқынды үдету керек», - дейді. 

Әдебиеттен классиканы жөн санайды. Толстой мен Достоевскийдің прозасын, Ахматов пен Есениннің поэзиясын ұнатады. Адамдардан ашықжарқын, әзілқой, қалжыңбастарды жақын тұтады. Өзі де «маған ас бермесең де, әзілмен қағытып қал» деп жақын сыйласқанды тәуір көреді. 

Ғаламторда көрермендері көп болатын және рекорд орнататын репортаж түсіруді армандайды.