Атырау

Бекен Әлирахым

Меншікті тілші

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

1977 жылы ақиық ақын Мұқағалидың да туылған күні 9 ақпанда жер жәннаты Жетісу, Алтынемелдің  баурайындағы Басши ауылында дүниеге келген. Алтыншы сыныптан бастап журналист болуды армандаған шәкірттің мектепте де, жоғары оқу орнында да бағы жанып, көптеген ұлағатты ұстаздардан тәлім алды. Ол 1998 жылы ҚазМУ-дың журналистка факультетін (бакалавр) және 2003 жылы философия және саясаттану (магистр) факультетін бойынша бітіріп шықты. 

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облыстық «Жетісу»газетінен бастады. Телевизия саласында 2000 жылдан. «Шаһар», «НТК», «Мир», «Алматы», «Қазақстан», «Қазақстан-Атырау» телеарналарында жауапты қызметтер атқарды. 2012 жылдың 1 қыркүйегі «24kz» телернасы тұңғыш рет эфирге шыққан күннен бастап бүгінге дейін «Хабар» агенттігі» АҚ «24kz» телернасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі.

Қызмет бабымен 2008 жылдан бері Атырау қаласында тұрады. Үш баланың әкесі. Күнделікті өмірде қарапайым. Әміршілдер мен менменсіген пенделерге жаны қас. «Еңкейгенге еңкей - атаңның қара құлы емес, шалқайғанға шалқай - пайғамбардың ұлы емес» деген нақылды ұстанады.

Бос уақытында қазақтың және шетелдің классик жазушыларының прозалық шығармаларын оқығанды ұнатады, домбыра тарту да - сүйікті істерінің бірі.