Көкшетау

Шайдаров Дамир

Меншікті тілші

1988 жылдың 13 шілдесінде Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келді. Ауылдағы орта мектептің қабырғасында оқып жүргенде, өлең шумақтарын жазып, білім ошағында ұйымдастырылған мәдени-мерекелік шаралардан шет қалмай, әдеби кештердің жүргізушісі әрі қатысушысы болған. Журналистикаға деген дайындығы ауылдағы мектеп қабырғасында басталғанын кейін білді. Себебі ол кездегі арманы әнші болу еді.

Ақыры мектеп бітірген соң, басқа мамандық бойынша Көкшетау қаласындағы жоғары оқу орындарының біріне оқуға түседі. Студенттік кезде ақын, әнші, тілшілермен көп араласып, журналистикаға деген қызығушылығы пайда болады. 

Тілші тамыр-таныстарынан тәлім-тәрбие алып, 3 жылдық дайындықтан кейін арманы 2013 жылдың көктемінде орындалды. Облыстық телеарнада өткен кастингте бағы жанып, қаламгерлердің қайнаған қазанына ойламаған жерден қосыла кетті. 

Жаңалықтар бөлімінің тілшісі болумен қатар, бірнеше бағдарламалардың авторы атанды. 2014 жылдың күзінде «Хабар» агенттігінің Ақмола облысындағы меншікті тілші болып қабылданды. «Бүгінде журналистика – менің сүйікті ісім», – дейді  Дамир.