Орал

Әсел Русалиева

Меншікті тілші

Әсел Русалиева Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы Қамысты ауылында дүниеге келген. Дәулеткерей атындағы Мәдениет институтын тәмамдаған соң, кітапханашы мамандығы бойынша диплом алып, 5 жылын сүйікті жұмысына арнаған. Ж. Молдағалиева атындағы әмбебап кітапханада заманауи үлгідегі технологиямен жұмыс істегенімен, телеарнада қызмет ету арманы ешқашан алыстаған емес.

Кенеттен «Қазақстан-Орал» телеарнасына журналистер іріктеу байқауынан өткен Әсел алдымен репортер, содан кейін ақпараттық бағдарламаның жүргізушісі болады. 2010 жылдың қараша айынан бастап, «Хабар» агенттігінің меншікті тілшісі атанды.

Журналистика саласында Владислав Листьев, Ирада Зейналова мен Алексей Пивоваровтарды үлгі тұтады.

Өз мамандығын жоғары бағалайды. Қарапайым адамдардың өмірінен сыр шертер сюжеттердің қатарын көбейткісі келеді. Ақжарқын, мейірімді жандарды жақсы көреді. Өлең жазады. Эннио Морриконе мен Keny G әндерін тыңдайды. Сүйікті фильмі - «Однажды в Америке». Италья мен Үндістандағы биік шыңға шыққысы келеді, спорттың қауіпті түрлерімен айналысуды армандайды.