Орал

Болат Жарылғасов

Телеоператор

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Лбішін ауылдық округіне қарасты Тінәлі ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Талдықорған политехникалық колледжін техник-механик мамандығы бойынша бітірген.

Он жылдай «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Батыс Қазақстан облысындағы тілшілер қосынында телеоператор болып жұмыс істеді. «Хабар» телеарнасында 2011 жылдың 11 сәуірінен бастап еңбек етіп келеді.

Өмірлік ұстанымы - адалдық, біреудің ала жібін аттамау. Кәсіби ұстанымы - үнемі ізденіс, кәсібіне адалдық. Сүйікті ісі - кітап оқу. Ұнатпайтыны - екіжүзділік, өтірік айту сияқты жаман әдеттер.