Қостанай

Абылай Мауданов

Тілші

1983-ші жылы 2-ші сәуірде Қостанай облысы, Көкалат ауылында туған.

Телеарна саласындағы қызметі 2006 жылдан басталады. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасында «Тілші арнасы», «Сізбен бірге», «Студия қонағы», «Қазақтың баласы», «Шаңырақ», «Шұғыла», «Елбесік» хабарларын жүргізді. Редакция ұжымы оған «Жаңалықтар» қызметінің аға редакторлығын сеніп тапсырды. Бұл жылдары Абылай екі рет республикада топ жарып, облыстық арнаның абыройын көтерді.

Тілшіліктен бөлек, Абылай Мауданов есімі ақындығымен де танымал. 2004 жылғы халықаралық «Шабыт» фестивалінің әдебиет номинациясы бойынша Гран-при иегері. Өзге де республикалық сайыстарда бірінші орынды жеңіп алған. Өлеңдері, проза, сатиралары республикалық басылым, ғаламтор беттерінде жиі жарық көреді.

Бос уақытында тарихи кітаптар оқып, атқа мініп, табиғатта серуендегенді жаны қалайды. Жыл мезгілдерінің ішінде қоңыр күзді жақсы көреді.

Сүйікті кинолары «Долана», «Өтелмеген парыз», «Батыр Баян» т.б. Әдебиетте Төлен Әбдікті кумир тұтады. Мұхтар, Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Серікбай Оспановтардың поэзиясын жаттап өскен.

Өмірде шынайылықты, қарапайымдылықты сүйеді, жасандылықпен жаны қас.

Ұстанымы «шалқайғанға шалқай, ол пайғамдардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей ол атаңның құлы емес».