Павлодар

Салауат Темірболатұлы

Тілші

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел: 8-701-755-52-63

Өмір деген ғажайыпқа толы болады екен. Қарапайым тіс дәрігері едім. Ойда жоқта телеарнаға қалай тап болғанымды түсінбей қалдым. Мүмкін жаңбырлы күні “КТК -7” арнасының редакциясына келіп жасырынбағанда бұлай болмас па еді. Содан бері достарым да көбейді. Телеарнаны ешқашан армандаған емеспін. Дегенмен әр түрлі тақырыпта қалам тербеп қоятын қасиетім болатын.

СССР кезінде «Пионерская правда” газетіне белсенді жас ретінде мақалаларым шығып тұрғандықтан біраз елдерді араладым. Қазір ойлап қоямын. Неге математиканы оқып, неге ұшқыш болмадым екен деп армандаймын. Мектеп бітіргеннен кейін, Ленинградтағы әскери-медициналық академияға түсіп хирург атанбақ едім, алайда Павлодарда тіс дәрігерінің мамандығын алып шықтым.

Медициналық тәжірибені жедел жәрдем қызметінде жинадым. Мен телеарнаға тек 1996 жылы келдім. Дегенмен қайта оқуға тура келді. Мәскеудегі Инновациялық Евразия Университеті мен Ресейдің ұлттық телевидение мектебінің журналистика факультетінде білім алдым. «Ирбис» және “Ертіс-ТВ” телерадиокомпаниялары мен “НТК” телеарнасының жаңалықтарында жұмыс істедім. 2001жылдан бері “Хабар” агенттігінде меншікті тілші қызметін атқарудамын. Содан бері еңбек кітапшамда әлі өзгеріс бола қойған жоқ. Кәсібіме деген қызығушылығым да жоғалған емес.

Айналамдағы адамдар өзгеріп тұрған сайын жаңа идеялар туындайды. Басшылар жұмысыма көңілдерінің толатынын бірнеше мәрте дәлелдеді. Халық та жақсы қабылдайды. Егер сенің жұмысыңды халқың бағаласа одан асқан бақыт бар ма ? Мен үшін “жаңалық әрқашан бірінші” орында.