Петропавл

Айдарбек Балғабеков

Меншікті тілші

Кіндік қаным сексен көлдің саясындағы кербез сұлу Көкшетау қаласында тамды. Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 мектеп - кешінін аяқтадым. Жастайымнан актер болуды армандасам да, тағдыр мені тілшілікке жетеледі. 6 - ыншы сыныпта облыстық Абай оқуларын жеңіп, «Қазақстан - Көкшетау» арнасына шақырту алдым. Алғаш арнамда 3 жыл қатарынан «Балдәурен» бағдарламасын жүргізіп, осы мамандықтың қыр - сырына қанықтым. 

2009 жылы Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ - іннің «журналистика» бөліміне оқуға түстім. 1 - інші курстан соң «Қазақстан - Петропавл» арнасында тәжірибеден өтіп, демалысқа үйге кетейін деп тұрған жерімде жұмысқа қабылдандым. Мұнда 2 жыл жаңалықтар бөлімінде хабар таратып, қалада туып өссем де, «Ауыл» бағдарламасын жүргіздім. 2012 жылы бағым жанып, республикалық «24 kz» арнасына алғашқылардың бірі болып жұмысқа орналастым.