Талдықорған

Әділхан Сахариев

Меншікті тілші

E-mail: sakhariev@mail

1982 жылы Алматы облысы Сарқанд қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Аталмыш оқу орнының магистратурасын да бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы бастаған ол «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жаңалықар бөлімінде, 2004 жылдан бастап, “Хабар” агенттігінің ақпараттар бөлімінің Алматы облысы бойынша,  меншікті тілшісі болып қызмет атқарады. Елбасының қолынан алғыс хат алған. Республикалық және жергілікті мекемелердің мақтау қағаздарымен де бірнеше мәрте марапатталған. Үйленген. Үш ұлы бар. 

Бос уақытының барлығын отбасына арнағанды жаны қалайды.   Джим Джармуш, Ларс фон Триер, Ким Ки-Дук сияқты режиссерлердің фильмдерін жоғары бағалайды. Классикалық туындыларды оқиды. Итальяндық асхананың тағамдарын ұнатады, 60-70 жылдардағы рок бағытындағы әндерді сүйіп тыңдайды.