Талдықорған

Қуаныш Түргенбаев

Телеоператор

Түргенбаев Қуаныш Құттыбайұлы. Талдықорған қалалық тілшілер қосынының операторы. 1969 жылы Талдықорған қаласында туып өскен. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін, 1989 жылы Алматы кинотехникумына түсіп, оны  1992 жылы бітірген. Еңбек жолын облыстық телеарнадан бастаған Қуаныш бейнеинженер, оператор болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бері “Қазақстан” телеарнасына ауысады. 2008 жылдан бері “Хабар” агенттігі ұжымымен бірге қызметін жалғастырып келеді. Отбасын құрған, 3 баласы бар.  

Бос уақытында, отбасына арнағанды қалайды. Бақша егумен, велоспортпен айналысады. Етті тағамдарды өте жақсы көреді.