Қызылорда

Қанат Еңсебаев

Телеоператор

Мен қазіргі жұмысымды бала кезден армандағанмын. Туып-өскен жерім тарихқа бай болғандықтан, мұндағы әрбір өткен оқиғаны суретке түсіріп алуды үнемі мақсат тұттым. Дегенмен, техникалық мамандық бойынша білім алғаныммен бала күнгі арманымнан бас тарта алмадым. 

Ақыры оператор атандым. Облыстық телеарнада жүргенімде бейнекөріністі түсірудің қыр-сырын үйреткен жандарға алғысым шексіз. Олар маған өз кәсібімнің шебері атануыма көмектесті. Сондай-ақ, қолым қалт етсе, доп теуіп, шахмат ойнап, әдемі ән тыңдауға асығамын.