Хабар телеарнасы

«Хабар» әлемде

world




Арнамыздың тілшілер қосындары Берлин, Бейжің, Брюссель, Вашингтон, Мәскеу, Сеул, Ташкент, Анкара мен Парижде табысты жұмыс істеп тұр.

«Хабар» Агенттігі қашан да көрермендері үшін әлемнің басқа елдерінде не болып жатқаны туралы ақпарат алудың маңыздылығын жақсы түсініп, алғашқы күннен-ақ халықаралық жаңалықтарды дер кезінде ұсынып тұруға аса көп көңіл аударып келеді. «Хабардың» шетелдегі өкілдіктерінде еңбек ететін журналистер – шет тілдерді жетік меңгерген білікті мамандар. Олар жасаған қызықты сюжеттер көрерменге оқиға орнында болып қайтқандай ерекше әсер береді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық аренадан берік орын алып, көптеген әлемдік үдерістерге белсенді қатысып келеді. Еліміздің жылдан-жылға өсіп келе жатқан биік беделі мен ғаламдық проблемаларды шешудегі ролі, Қазақстанның әртүрлі халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымы, сондай-ақ қазақ елі жайлы шетелдіктердің не ойлайтыны, оны қалай қабылдайтыны туралы да тілшілеріміздің сюжеттерінен біле аласыздар.

«Хабар» тілшілері арнаның рейтингін өсіру үшін жеңіл жолдар таңдамай, мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды іздеп табады. Камераларымыз отандастарымыздың өміріне тікелей қатысты оқиғаларға бағытталған. Біз әлемнің ең ірі ақпараттық агенттіктері желілерімен бәсекелесе алатын ауқымды тілшілер желісін құрдық. Қаламгерлік дарын, өз ісіне деген жауапкершілік және тәулік бойы тыным таппай еңбек етуге деген құлшыныс – біздің журналистеріміздің негізгі ұстанымы және компаниямыздың табысты жұмысының басты кепілі.

Бізбен байланыс:

010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, «Қазмедиа орталығы», +7 (7172) 757 504

Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (Канцелярия): +7 (7172) 757 575, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.