Бишкек

Виктор Акуленко

Телеоператор

Қырғыз елінің Қант қаласында дүниеге келген.

Бішкекте оқу бітіріп, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық Университетінде білім алған. Мамандығы – политолог. Алайда 2002 жылы оның мансабы күрт өзгерді. 

Қолына бейнекамера алып «Хабар» агенттігіне оператор болып орналасқан ол, талай бейнематериалдарды дүниеге әкелді. Республиканың түкпір-түкпірін аралап, түрлі саланың адамдарымен таныс болған ол, әлі күнге дейін өз мамандығын ауыстырған емес.