«Хабар» - "Хабар" телеарнасы
EXPO 2017 в Астане


«Хабар»

«Хабар» телеарнасы Қазақстан Республикасының заманауи медиа кеңістігінде халыққа қоғамда орын алған жайттар туралы жаңалықтар мен сараптамалық бағдарламаларды үздіксіз әрі жедел ұсынатын ақпараттық-телевизиялық агенттік болып табылады.

Телеарна – «БИЛІК-БАҚ-ҚОҒАМ-ТҰЛҒА» тізбегін құрайтын саясат, әлеуметтік-мәдени құндылықтар мен дәстүрді байланыстырушы басты құрал. Сондай-ақ қазіргі таңда әртүрлі жанрдағы бағдарламалар қатарын толықтырып, дамытып отыр.

Телеарнадағы ақпарат таратудың басты қағидаттарының бірі – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту. Агенттік өзінің төл туындыларынан басқа, әріптестік келісім негізінде әлемдегі басты ақпараттық агенттіктердің өнімдерін қолданады.

Бүгінде «Хабар» телеарнасында ақпараттық-отбасылық форматтағы 39 бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығуда.

Эфирге шығарылатын бағдарламалардың 75 пайызы телеарнаның төл туындыларынан құралады. Олар – бағдарламалар, фильмдер мен телехикаялар. Оның ішінде телеарна мамандары аударатын көркем және деректі фильмдер де бар.

Телеарна тікелей эфирде спорттық көрсетілімдерді (Олимпиада ойындары, футболдан әлем және Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, т.б.) көрермен назарына ұсынып отырады. Арнаның техникалық және шығармашылық қоры саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды оқиға орнынан тікелей эфирде көрсетуге мүмкіндік береді.

«Хабар» телеарнасы әр телевизиялық маусымда жаңа ойын-сауықтық жобаларын ұсынды. Олардың қатарында «Ду-Думан» әзіл-сықақ театрларының сайысы мен ерекше жобалар қатарында «Аймақтар аламаны», «Бармысың, бауырым?» «Бюро расследований», «Жетi күн» бағдарламаларын ерекше атауға болады. 2012-2013 жылдары «Подружки», «Агент Z», «25-й километр», «Трактористің махаббаты» және т.б. отандық телехикаялардың тұсауы кесілді. Ал тарихи фильмдердің қатарын толықтырған «Бауыржан Момышұлы» және «Күләш» телетуындылары Алтын қордан ойып тұрып, орын алуға лайық. Сондай-ақ «Жұлдызды дода. Звездные войны», «Энергия будущего», «Сноски» жобаларына деген көрерменнің ықыласы жоғары болды.

20 жылдық тарихы бар «Хабар» агенттігі 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын құруда компанияның қызметін саралап зерттеді. Сондай-ақ агенттік құрамындағы арналарда эфир саясаты мен ұйымдастырушылық бизнес процестер трансформациялануда. 

Жылдам, сапалы жаңалық таратып, соны бағдарламалар жасайтын журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру да –бірінші міндет. 2016 жылы агенттік 500 тілшіні оқытса, 150 қызметкерінің білім-білігін көтермек. Бұл жолы Түркияның тәжірибесіне сүйенбек.

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрайымы Алмагүл Ахметжанованың сөзінше, трансформация аясында қызметкерлердің еңбекақысын төлеу моделі мен олардың еңбегін бағалау жүйесі бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бұл бар ұжымның шығармашылық ынтасын арттырып, телеөнімнің сапасын жақсарта түседі. Агенттіктегі әрбір арнаның өзіндік жанрлық стилі қалыптасқан. Халықтың назарын аударатын үлкен өзекті жобалар қолға алынды.

Трансформациялау аясында «24 кз» арнасында ребрендинг жүргізіліп, оған «Хабар 24 » деген атау берілді. Жедел ақпарат тарататын телеарна жаңалық сапасын арттырып қана қоймай, көптеген өзекті жаңа бағдарламалар ашып отыр.  «KAZAKH TV» мен «Білім және мәдениет» арналары біріктіріліп, эфирге 25 қазанда шықты.  

www.khabar.kz

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.