«Хабар» әлемде - "Хабар" телеарнасы

«Хабар» әлемде

world




Арнамыздың тілшілер қосындары Берлин, Бейжің, Брюссель, Нью-Йорк, Мәскеу, Рим, Сеул мен Ыстамбұлда табысты жұмыс істеп тұр.

«Хабар» агенттігі қашан да көрермендері үшін әлемнің басқа елдерінде не болып жатқаны туралы ақпарат алудың маңыздылығын жақсы түсініп, алғашқы күннен-ақ халықаралық жаңалықтарды дер кезінде ұсынып тұруға аса көп көңіл аударып келеді. «Хабардың» шетелдегі өкілдіктерінде еңбек ететін журналистер – шет тілдерді жетік меңгерген білікті мамандар. Олар жасаған қызықты сюжеттер көрерменге оқиға орнында болып қайтқандай ерекше әсер береді.

20 жыл ішінде Қазақстан халықаралық аренадан берік орын алып, көптеген әлемдік үдерістерге белсенді қатысып келеді. Еліміздің жылдан-жылға өсіп келе жатқан биік беделі мен ғаламдық проблемаларды шешудегі ролі, Қазақстанның әртүрлі халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымы, сондай-ақ қазақ елі жайлы шетелдіктердің не ойлайтыны, оны қалай қабылдайтыны туралы да тілшілеріміздің сюжеттерінен біле аласыздар.

«Хабар» тілшілері арнаның рейтингін өсіру үшін жеңіл жолдар таңдамай, мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды іздеп табады. Камераларымыз отандастарымыздың өміріне тікелей қатысты оқиғаларға бағытталған. Біз әлемнің ең ірі ақпараттық агенттіктері желілерімен бәсекелесе алатын ауқымды тілшілер желісін құрдық. Қаламгерлік дарын, өз ісіне деген жауапкершілік және тәулік бойы тыным таппай еңбек етуге деген құлшыныс – біздің журналистеріміздің негізгі ұстанымы және компаниямыздың табысты жұмысының басты кепілі.

Бізбен байланыс:

010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, «Қазмедиа орталығы»

+7 (7172) 553 581

world_news@khabar.kz

Приложение Хабар для iOS Приложение Хабар для Андроид

Хабар 24 Телеканал Kazakh TV  Телеканал ЕЛАРНА

яндекс.ћетрика

 Тумар EXPO 2017 Акорда Электронное правительство Казахстана

© 2017 «Хабар» агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған.