13:00 Әрі қарай эфирде: Новости
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Мөлдір Доспаева

Мөлдір Доспаева

Жаңалықтар қызметінің жүргізушісі

Ата-анам қанша жерден әулетімізде болмаған экономист қылуға тырысқанымен, тағдыр ақшаның тілін таппадым. Пайдаға тек үшінші дипломым жарады. Журналистикаға кездейсоқ келдім. Экономика факультетінде оқып жүрген кезім. Арасында орталық алаңдағы мерекелік шараларды жүргіземін. Ол тек артық қаржы тауып, құрбыларымдікінен ерекше көйлек киюдің амалы ғана емес, сүйікті жұмысым болатын.

2019 жылдың күзінде облыстық телеарнадан режиссер хабарласып, жаңалық жүргізушілерінің кастингіне шақырды. Экономист болмаудың кез келген амалын іздеп жүрген мен үшін бұл керемет мүмкіндік болды. Іріктеуден өтіппін. Жаңалықтардың тізгінін ұстағаннан кейін журналист болуға талпындым. Ал 3 жылдан соң облыстық газеттің редакторы қызметін атқардым.

Осыдан алты жыл бұрын «Қазмедиа орталығы», жаңа арналар ашылады дегенді естіп, елдің түкпір-түкпірінен журналистер Астанаға ағылды. Сол арман қуып келгендердің ішінде мен де бармын. Жаңа тәуліктік ақпараттық арнаға экономикалық жаңалықтардың редакторы әрі жүргізушісі болып қабылдандым. Экономика факультетіне бекер түспеппін дедім ішімнен. Ол дипломның да пайдасы тиді сол жолы.

2018 жылдың көктемінен бастап «Хабар» арнасының жаңалықтар қызметінде жұмысымды жалғастырып келемін.