07:00 Әрі қарай эфирде: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2015 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» арнасында эфир уақытын берудің жалпы талаптары туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 наурыздағы санында жарияланған қосымша ақпараттық хабарламаға және аталған газетте 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған толықтырылған Ақпараттық хабарламаға қосымша ретінде «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы төмендегіні хабарлайды.

«Хабар» телеарнасында эфир уақытын беру хронометражы 10 (он) секундтан аз емес және 60 (алпыс) секундтан көп емес қазақ және орыс тілдерінде, 50х50 мөлшерінде үгіт материалдарын, атап айтқанда бейнероликтерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

«Хабар» Агенттігі» АҚ

 


 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2015 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» арнасында эфир уақытын берудің жалпы талаптары туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 6 наурыздағы санында жарияланған Ақпараттық хабарламаға және аталған газетте 2015 жылғы 10 сәуірде жарияланған толықтырылған Ақпараттық хабарламаға қосымша ретінде «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы төмендегіні хабарлайды.

Хронометражы 60 (алпыс) минуттан аспайтын үгіт материалдары (арнайы репортаждар) «Хабар» арнасының эфирінде Ақпараттық хабарламада көзделген тәртіп пен шарттарға сәйкес орналастырылады. 

«Хабар» Агенттігі» АҚ