Хабар телеарнасы

Актерлар


Кәмшат Жолдыбаева – Қазақстан әншісі, актриса.
 
28 қаңтар 1988 жылы Маңғыстау өңірінің «Форт Шевченко» қаласында дүниеге келген. 9- сыныпты бітірген соң ағылшын тілі мамандығы бойынша колледжде білім алған. Кейін өнер жолын қумақ ниетпен Алматы қаласына келіп, Қыздар педагогикалық университетінде «Ұйымдастырушы» мамандығын иеленген. 3-курста оқып жүргенде «КешЮ» тобының құрамына қабылданған. 
 
«Тракторшының махаббаты», «Ғашық жүрек 2», «Парыз» телехикаяларында басты       рольдерді ойнаған.
 
 
 

Дәстен Шәкіров – актер.
 
1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясының «Қаржы» факультетін тәмамдады. Фортепиано сыныбы бойынша музыкалық білімі бар. Бос уақытында жүзу және бокспен шұғылданады.
 
«Жаным», «Махабатым жүрегімде», «Бауыржан Момышұлы», «Парыз» телехикаялары  мен Жау жүрек мың бала», «Рэкетир 2» фильмдерінде басты рольдерді ойнады. 
 
 

Азат Сейтметов – театр және кино актері.
1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 
1988 жылы жолдамамен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа қабылданды.
 
Ғ.Мүсірепов атындағы Жасөспірімдер мен балалар театрында, сондай-ақ бірер жыл өзге салада жұмыс істеп, 2003 жылы қайта М.Әуезов театрына оралды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.