Хабар телеарнасы

Актерлар

Нургюль Ешилчай  ГУЛЬСЕРЕН рольінде

Нұргүл Ешилчай (Nurgül Yesilçay) – түріктің танымал актрисасы. 1976 жылдың 25 наурызында Афьон қаласында дүниеге келіп, Измирде өсіп-өнеді. Актерлік өнердің қыр-сырын Анталия мен Эскишехир қалаларындағы оқу орындарында меңгереді.

Нұргүл Ешилчай кино мен телевизия саласының жұлдызы. Ең алғашқы рольін 1998 жылы «Бәрі  де жақсы болады» фильмінде сомдады. Қазақстандық көрермендерге «Любовь и наказание» және «Невеста» телехикаялары арқылы етене таныс.

 

 

Эркан Петеккая ДЖИХАН рольінде

Эркан Петеккая – Түркияның Чермик қаласында дүниеге келген. Жастайынан-ақ актерлік өнерге қызықты. Жоғары оқу орнын бітіре салысымен Стамбул мемлекеттік театрында қызмет етті. 1998 жылы «Прекрасные дни» сериалына түскен соң, Эрканның танымалдығы арта бастайды. Ал «Последняя надежда» телехикаясы арқылы Түркияның жұлдызына айналды.

 

 

Джемал Хюнал АЛЬПЕР рольінде

Джемал Хюнал 1976 жылы 2 қазанда Мерсин қаласында дүниеге келген. АҚШ-та кино және телевидение мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2004 жылы еліне оралған соң, біраз уақыт қосалқы рольдерде ойнайды. 2008 жылы режиссер Чаан Ирмак «Курьер» фильміне түсуге ұсыныс жасайды. Осыдан соң Джемал Хюнал көптеген сериалдар мен фильмдерде басты рольдерді сомдайды.

 

Эбру Озкан  ДИЛЯРА рольінде

«Осколки» сериалына дейін де Эбру Озкан Туркияға танымал актрисалардың бірі еді. Ол кинодағы актерлік карьерасын «Усадьба госпожи» телехикаясынан бастады. Мұнан соң «Чинара», «Цветок темноты», «Роль в жизни» сериалдарында басты рольдерде ойнады. Бірақ дәл осы «Осколки» Эбру Озканға танымалдылық пен үлкен табыс алып келді.