14:00 Әрі қарай эфирде: «Вишневый сезон» телесериал
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Актерлар

Динара Бақтыбаева – Қазақстан актрисасы. 1993 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс университетінде инженер мамандығы бойынша білім алады. 2013 жылы режиссер Сәкен Жолдастың «Он и Она» фильмінде басты рольді ойнады.

 

 

 

Венера Нығматулина – танымал киноактриса. Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетін бітірген. Театр және кино режиссері.«Кино өнері» мамандығы бойынша философия ғылымдарының докторы .

«Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры. «Шәкен жұлдыздары» («Звезды Шакена») Алматы халықаралық кино байқауының бас директоры.

 

Нұрлан Төреханов – актер, дизайнер, архитектор. 1964 жылы 22 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. «Махаббатым жүрегімде» телехикаясы арқылы көпшілікке танымал. 

 

 

 

Айнұр Ниязова – Қазақстан актрисасы, әнші. Павлодар қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен тігін өнерімен айналысып, би үйірмесіне қатысқан. Музыка академиясының театр бөлімінде оқыған. 19 жасынан бастап тележүргізуші болды. Оқу бітірген соң театрда тәжірибе жинаған.

Айнұр актрисалық өнерінен бөлек, ән салады, музыка мен өлең жазады, фильмдерге сценарий жазады. Дизайнерлікпен де айналысады.

 

 

Жандос Айбасов – Қазақстан актері, режиссер. Жандос мамандығы бойынша суретші-зергер. Бокстан спорт шебері. «Кенже», «Он и Она» және «Ограбление по-казахский»  фильмдерінде басты рольдерді сомдаған.