12:00 Әрі қарай эфирде: «Хабарлайын» бағдарламасы
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz
Арман жолында

«Арман жолында»: сейсенбі-жұма, 16:20

«Арман жолында»: сейсенбі-жұма, 16:20

«Арман жолында» 12 бөлімді драмада велоспортшылардың жеңіс жолындағы қызыққа толы ғұмыры суреттеледі.  Оқиға желісі бойынша, ауылдағы мектепте оныншы сынып оқитын Арман есімді бозбала кәсіби велоспортшы болуды армандайды. Атасы Мұқанның жетекшілігімен әкесінен қалған ескі велосипедпен жаттығып жүреді. Оның ауылы таулы аймақта орналасқан.

Жыл сайын мұнда жас велокомандалар оқу-жаттығуға келеді. Сондай жаттығудың бірінде хат тасып жүрген Арманды жаттықтырушы көріп, дайындыққа шақырады. Солай кейіпкердің кәсіби спорттағы ұзақ һәм қызықты жолы басталады.

Басты рөлдерді Жасұлан Көпберген, Аслан Анарбаев сынды жас актерлермен, Алтынай Нөгербек,  Сағат Жылгелдиев секілді танымал өнер иелері сомдайды. Картина режиссері – Бейбіт Өнер.

«Жасұлан Көпберген мен Аслан Анарбаев осы туындыға түсу үшін тыңғылықты дайындалды. Біз Қазақстанның Велоспорт федерациясымен байланысып, кәсіби жаттықтырушымен келістік. Жігіттер бір ай бойы велоспорт техникасы, велосипедті дұрыс жүргізу ережелерін меңгерді», –  дейді фильмнің продюсері Ардагер Сантыбаев.

Сейсенбі-жұма аралығында сағат 16:20-да арнамыздан көруге шақырамыз!