Арна айналары

Сағыныш Әбікей

Сағыныш Әбікей

Әбікеева Сағыныш Медетқызы 1989 жылы 2 сәуірде ОҚО, Кентау қаласында дүниеге келген.

Тұрмыста, екі баланың анасы. Жұлдызы – тоқты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «журналистика және политология» факультетінің «журналистика» мамандығы бойынша бакалавр, «журналистика» мамандығы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Әлеуметтік ғылымдар магистрі. Өмірлік ұстанымы – қандай дәрежеге қолы жетсе де, өзін жоғалтпау. Адамгершілікпен, сыйластықпен, махаббатпен, кешіріммен өмір сүруді ұстанады. Адам бойындағы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер мінез-құлықты жоғары бағалайды. Өмірдегі ең жарқын сәттері – анасының әр кез қуанғаны және ұлдарының дүниеге келуі. Сүйікті кітабы – Ілияс Есенберлиннің «Алтын орда» роман-трилогиясы. Сүйікті асы – сірне және итальян асханасы.