Еліміздің кейбір аймақтарында көктайғақ болады

    Бейсенбі, 01 Ақпан 2018 07:00
Pinterest

Қазақстанның басым бөлігі антициклон әсерінде болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батыс аймақтарына фронталды бөліктер жылжиды, кей жерлерінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман сақталады, Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын,  Ақтөбе облысының кей жерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Алдағы тәуліктерде республикамызда ауа температурасы жоғарылай түседі

    Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2018 21:28

Алдағы күндері еліміздің аумағы арқылы Атлантикалық циклонның өтуіне байланысты ауа райы жыли түседі.

Дегенмен, бұл құбылыс жолдарда боран, қар жауу, екпінді батыс желін, оңтүстік аудандарға көктайғақ алып келеді. Сондықтан алыс жолға шығуды жоспарлауға қоя тұрған жөн дейді синоптиктер.

Қазақстан аумағында температураның көтерілуі күтіледі

    Сәрсенбі, 31 Қаңтар 2018 07:00
pixabay.com

Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа райының өзгеруін анықтайды.

Сондықтан демалыс күндері ауа температурасы нормадан республиканың көптеген облыстарында 8-15 °C-қа дейін, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығысында 17...22°С төмендеді. Бірақ қатты аяз бәсеңдеп, 29 қаңтарда республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы -20..-27 °С аралығында болды.

Алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

    Сейсенбі, 30 Қаңтар 2018 07:06
medium.com

Қазақстан ауа райы әлі де антициклон ықпалында болады.

Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, бұрқасын, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейуі, күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, желдің 15-20 м/с-қа күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл, Ақмола облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында қатты аяз сақталады, кей жерлерінде өте қатты аяз болады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет