Хабар телеарнасы

8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 23-28 м/с-ге дейін күшейеді, кей жерлерінде түнде тұман болады. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с-ге жетеді, екпіні 23 м/с болады, бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында таңертең және күндіз жел екпіні 15-20 м/с күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет