Хабар телеарнасы

Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады

Еліміздің кейбір аймақтарында қар жауады

Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұрқасын, тұман күтіледі, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі. Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.