Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Тек батысында жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, батыста және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі, батысында көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет