Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынының тұман, көктайғақ, Атырау облысында желдің екпіні 17-22 м/с болады. 

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.