Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз бұрқасын болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады, күндіз бұрқасын болады. 

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейіп, екпіні  28 м/с болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жел бұрқасынмен болады. 

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 18 м/с болады. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.