Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің ауа райын алдағы демалыс күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды. Сонымен байланысты көптеген облыстарда жауын-шашын, сулы қар, оңтүстік облыстарда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі уақыттарда сулы қарға айналуы және температураның төмендеуі мүмкін.

Антициклонның ықпалымен сенбі күні батыста, жексенбі күні солтүстік, орталық және шығыста жауын-шашынның тоқтауы күтіледі, бірақ ауа температурасы түнде 8-18ºаязға дейін төмендейді, климаттық нормадан 3-6ºС төмен болады деп күтілуде.