Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек аумақтың батысында атмосфералық фронттың өтуімен байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, екпінді жел соғып, ыстықтың төмендеуі күтілуде. Солтүстік пен Оңтүстік және Орталықта күндіз термометр бағаналары 28-36 градусқа дейін жылы, ал Шығыс және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 22-30 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с шаңды дауылмен бірге болады. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.