Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман, желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Маңғыстау облысында найзағай болады, кей жерлерде шаңды дауылмен қатар желдің күшеюі күтіледі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, Атырау облысында екпіні 25 м/с-қа дейін болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде 1-6 градусқа дейін аяз жүру қаупі бар.

Дауылдық ескерту

24  қыркүйекте Алматы облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жауын-шашын қарға ұласады) күтіледі, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, 24-26  қыркүйекте түнде температура 3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсікке дейін төмендейді.

24-25 қыркүйекте  Жамбыл облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с, түнде температура   3-8 градус жылы, кей жерлерде 3 градус үсікке дейін, күндіз 15-20, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендейді.