ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Атмосфералық фронтальді ауа қабаттарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады. Тек батыс аймақтарда күн ашық болады.

Жер-жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік, солтүстік-батыста көктайғақ болады.

Қостанай облысында тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады деп күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында  жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

emergov

Аударған: Г.Абилова