Хабар телеарнасы

Демалыс күндері бірнеше облыста жаңбыр жауады

Демалыс күндері бірнеше облыста жаңбыр жауады

Мамандардың айтуынша, ауа райының өзгеруі антициклонның Қазақстан аумағынан өтіп кетуімен байланысты. 

Астанада да демалыс күндері жауын жауады. Ал Алматыда күн ашық болады. Республика бойынша, ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. 

«Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып өтеді. Алайда тропосферада оңтүстік батыс ағындарының сақталуына байланысты және алдыңғы Азиядан келіп жатқан ауа массаларына байланысты ауа температурасы күрт төмендемейді», – дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.