ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі pesniprovse.ru

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр күтіледі, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын жауады.

Тек солтүстікте, шығыста және қиыр оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 17-22 м/с-ге дейін күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге дейін, Жамбыл, Қызылорда облыстарында екпіні 23 м/с-ге дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, деп жазады kazhydromet.kz.