Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел  15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с аса күшейеді деп күтіледі.