Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын сақталады

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының басым бөлігінде түнде желдің күшеюі 15-20, түнде кей уақытта екпіні 24 м/с болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.  Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші  15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің күші 15-20, күндіз кей жерлерде 25 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қостанай облысында жел 15-23 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-25 м/с жетеді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде түнде және таңертең тұман болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей тұман күтіледі.