Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады

Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі мен тұман, солтүстік бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын күтіледі.

Қарағанды облысында желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді. Түнде тұман, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, жел екпіні 25 м/с-қа күшейеді.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел екпіні күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Ақтөбе облысында желдің күші 18 м/с-қа жетеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет